jasqazaq.kz

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Нұрлы жол» бойынша атқарылған жұмыстың сапасында өрескел қателіктер жіберілуде

20 қазан 2016, 19:45

20160621130714

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен партияның Парламент Мәжілісіндегі Фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын ұдайы қадағалап отырады. Олардың арасында «Нұрлы жол» бағдарламасына ерекше көңіл бөлінеді.

Кеңейтілген отырысты ашқан фракция жетекшісі — Парламент Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева осы жылдың 24 наурызында болған фракцияның бірінші жиналысында Мемлекет басшысы бюджет қаржысын және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді жұмсауды қадағалауды күшейту туралы тапсырма бергенін айтты. «Бұл бағдарлама қазіргі кезеңдегі экономикалық саясаттың негізгі ұстыны болып табылады. Сондай-ақ, өзінің әлеуметтік бағытты басты орынға қоюымен де маңызы жоғары», — деді Г.Исимбаева.

Жиын барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед жаһандық дағдарыстың Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерінің алдын алуға 2014 жылы Елбасымыз іске қосқан инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көп септігін тигізгенін айтты.

«Жалпы алғанда, бағдарламаны іске асыруға (2015-2019 жылдары) 5,3 трлн теңге (немесе 16,2 млрд АҚШ доллары) көзделген. Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі бірде бір ел жұмыспен қамтуды және экономиканы қолдауға мұншалықты қаражат бөліп отырған жоқ. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында шамамен 400 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, бағдарлама толық көлемде, яғни 100 пайызға қаржыландырылады. Биыл бұл көрсеткіш 770 миллиард теңгені немесе республикамыздың 2001 жылғы бюджетінен 1,5 есеге артық қаржыны құрады! Бұл — тек бір ғана бағдарлама бойынша бөлінген қаражат! Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ендігі міндеті — осы бөлінген қаржыны тиімді игеру», — деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

ҚазАқпарат

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды