М.Әйтенов жастарды жігерлі болуға шақырды

17 тамыз 2023, 21:53

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында атқарылған жұмыстар мен өзекті проблемалар қаралды. Бүгінде еліміздің жастарына үлкен қолдау көрсетіп отырған Президент тапсырмасы шеңберінде қалада осы санатқа кіретін азаматтардың жан-жақты дамуына, білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына тиісті көмектер көрсетілуде.

Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі жастарға қоғам өміріне араласуына үлкен мүмкіндік жасауда. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысы өтті. Мұрат Дүйсенбекұлы жиынды ашып, жастар саласына қатысты басқармалар мен жауаптылардың баяндамасын тыңдады.

–Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық жоба аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру қолға алынды. Енді 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Осы бағытта қала бюджетінен 261 жасқа шағын несие беру жоспарда бар. Бұл – кәсіпкерлікпен, тауар өндірумен, сатумен, қызметтер көрсетумен, өнім өндірумен айналысқысы келетін жастарға берілген үлкен қолдау. Жас буынды баспанамен қамту шаралары да нәтижесін беруде. Тіпті кезінде білім ала алмай қалған жастарға жан-жақты көмектер көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, жас буынның болашағын құруға барлық мүмкіндіктер қарастырылған» — деді қала әкімі.

Жиында қаланың ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндады.

-Шымкент қаласы аумағында 14-35 жас аралығында 362 980 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32% құрайды. Жастар ресурстық орталығы 12 бағыт бойынша жұмыс жасап, бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бекітілген жастарға қызмет көрсету бойынша нысаналы индикаторларын орындау мақсатында жалпы 32 әлеуметтік және мемлекеттік тапсырыс негізінде жобалар қарастырылған. Сонымен қатар, сіздің тапсырмаңызға сәйкес аудандарда Жастар ресурстық орталықтары ашылып, өз жұмыстарын жасауда, — деді Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы.

Кеңестің қорытындысында түрлі саладағы озат жастар арнайы марапатталып, сый-құрметке бөленді. Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастарды мегаполистің дамуына атсалысуға, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, жаңаша, тың жобаларды жүзеге асыруға шақырды

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз