М.Әйтенов Шымкент жолдарын қауіпсіз ететін жаңа бастамалар қолға алуды тапсырды

17 тамыз 2023, 22:06

Бүгін қала әкімі М. Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Бүгінде қала аумағында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ретсіз орналасқан базарлардың айналасында автотұрақ, аяқжол, жол белгілері және жол таңбалары, темір жол қоршаулары орнатылып ретке келтірілді.

Сонымен қатар қауіпсіздікті қамту үшін көшелерде 2235 жол белгісі орнатылып, 302 жол белгісі қайта қалпына келтірілді. 48 көшеге пластикалық жол таңбасы және 24 көшеге бояудан жол таңбасы сызылды. Мектептер маңында 146 орында жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары атқарылуда.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Абай, Тұран, Әл-Фараби, Еңбекші ауданы, Қаратау аудандарында шұңқыр жолдар жамалды. №45 мектеп маңына және көше қиылыстарында бағдаршам орнатылды. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес Шығыс айналма жолына 2 бағдаршам және А-2 айналма жолына 3 бағдаршам орнатылады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға халық көп шоғырланатын аумақтардағы жол қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ «Колос» базары аумағындағы қолайсыздықтарды жойып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар дайындау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ сала мамандарына қала аумағында жолдардың қауіпсіздігіне талдау жасап, әрқайсысының ерекшелігін ескере отырып, жеке жобалар ұсыну бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде мегаполис жолдарын жүргізушілерге де жаяу жүргіншілерге қауіпсіз ету көзделуде.

Айтып өтейік, қалада 10500 нүктеге бейнебақылау камерасы орнатылған. Соның арқасында талай жол ережесін бұзу фактілері анықталып жатыр. Меагполисте 1 күнде 200-ге тарта заңбұзушылық бейнебақылау камерасы арқылы анықталады. Жеке азаматтың көлігін ұрлау, мемлекеттік номері жоқ көліктерді анықтаудан бөлек, 30-ға тарта мапед жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылады.

Меагаполис тұрғындары қызу тіршілік үстінде. Қаладағы жаяу жүргіншінің де көлік жүргізушінің де әр қадамы аңдулы. Алайда жол көлік оқиғалары азаймай тұр. Оған негізгі себеп – самокадтар мен мапед жүргізушілерінің бейберекет әрекеттері. Тәртіп сақшылары заңды қатаңдату арқылы жазаны ауырлатып, жеңіл жүрісті көлік жүргізушілерінің бейберекетсіздігіне қарсы тұрмақ.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз