М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралады

13 тамыз 2023, 23:26

Қаламызда салынып жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Қала әкімі М.Әйтенов Шымсити шағынауданынында бой көтерген заманауи мәдени орталықтың құрылыс барысын қадағалады.

Осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, жауаптыларға орталықтың сапасы мен мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бүгінде құрылыс жұмыстарына 250 адам жұмылдырылған. Қазір мұнда әрлеу жұмыстары басталды.Конгресс-холл жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл қазанда пайдалануға беріледі. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда.

Заманауи ғимарат екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелер де бірінші блокта қарастырылған.

Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханалары орналастырылған.

Сонымен қатар, биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары Сайрам, Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұғын алабындағы «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді.

«Астана» мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі 3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат заманауи үлгіде бой көтеруде.

Екі нысанда да қазір ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылып, аулалары абаттандырылуда. Орындалған жұмыстардың көлемі 90- 95%. Озық үлгіде салынған білім ошақтары қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашатын болады. Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елді мекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шаралардың барлығын ескеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады