М.Әйтенов қабылдауда көтерілген барлық мәселені шұғыл шешуді тапсырды

08 тамыз 2023, 10:09

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында бүгінде әртүрлі деңгейдегі әкімдер халықпен жиі кездесіп, талап ілегін тыңдауда. Осы айда кезекті рет ұйымдастырылған қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауында тұрғындар түрлі талап-тілектерін жеткізді. Қабылдау кезінде 200-ден астам азаматқа талон таратылып, тұрғындардың өтініштерін қарастыруға барлық мүмкіндік жасалды. Бүгінгі қабылдауда негізінен, мектепке дайындық мәселесіне қатысты сұрақтар жиі қаралды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар балаларының мектеп формасына, оқулықтарға қатысты қажеттіліктерін жеткізді. Білім басқармасының қызметкерлері азаматтар тарапынан түскен өтініштерге қатысты тиісті шешімдер қабылдап, мемлекеттік қолдаулардың талаптарын түсіндірді.

Кәсіп бастап, қаланың әлеуметтік тұрғыда дамуына үлес қосқысы келетін азаматтар да қабылдауға арнайы келді. Бизнеске бет бұрғысы келетін тұрғындарға шағын несие алудың жаңа шарттары, қайтарымсыз грант талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мамандар қала аумағында табысты саналатын кәсіп түрлері бойынша пайдалы кеңестер де ұсынды.

Инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар да назарға алынып, қаланы дамыту бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Газ, су, кәріз желілерін тарту, жол жүргізуге қатысты талап-тілектер бойынша тиісті басқармаларға оңды шешімдер қабылдау үшін тапсырылды.

Мұоат Дүйсенбекұлы орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне қабылдауда көтерілген барлық өтініштер бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын оперативті түрде жүргізіп, азаматтармен кері байланыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ талап-тілектерді заң шеңберінде қарастырып, халықтың тұрмысын түзеуде, өмір сапасын арттыруда бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады