Лұқпан Жолдасов: Алғашқы табысымды сізге берейін

01 қараша 2023, 10:24


Әнші Лұқпан Жолдасов отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде жастардың жолын ашып, сахнада өнер көрсетуіне ықпал еткеніне көз жүгіртіп, естеліктер айтты.
«Өнердегі қыз-жігіттің қазақ эстрадасына қосылуына мұрындық болғаным рас. Олар әлі күнге дейін менің атымды айтып жүреді. Ғаділбекті көріп отырып, қызық оқиға есіме түсіп отыр. Алғаш сахнаға шыққан кезі, халық жылы қабылдап, тойларға шығып жүрген еді. Бір күні бір қалта ақша әкеліп тұр. Ішінде 30 мың теңге бар. “Алғашқы табысымды сізге берейін”, – дейді. Өзің ала бер, ертең-ақ таусылып қалады дедім. Айтқанымдай, ештеңеге жетпей қалды. Екі кесе шай ғана іштік”, – деп есіне алды.
Ғаділбек Жанай өнер жолындағы алғашқы табысымды Лұқаңа әкеліп бергенім есімде. “Ертең-ақ таусылып қалады” дегені рас болып шықты. Ол кезде мен үшін 30 мың теңге көп еді. Әлемді аралауға жетеді деп ойлап жүрген кезім. Сол күні Лұқпан аға екеуіміз шай ішіп отырып, жаңа ән жаздық. Асқар Дүйсенбіге түнгі үште хабарласып, әуенге сөз жазып беруін өтіндік. Лұқпан аға ойша клипін де түсіріп қойған, – деді әнші.
«2000 жылдары Қызылорда өңірінде жүрсек, көшеде бір апа қол жайып, ақша сұрап отыр екен. Лұқаң сол кезде әмиянынан 5000 теңгені шығарып, апаға ұстатты. Ол кезде өте көп ақша болатын. Мейрамханаларға кірсе, даяшыларға артығымен тастап кететін. Бұл кісінің сүйікті жұмысы – бильярд ойнау. Өнердегі жігіттерді жинап, соңында өзі есеп айырысатын. Біреуімізге де төлетпейтін», – деді Тоқтар Серік.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу