Ұлттық зергерлік бұйымдар

26 желтоқсан 2016, 16:04

Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған.

Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым.
Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар.
Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды.


Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б.
Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.
Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Қазақ зергерлері (зер-зар – парсы тілінде алтын дегенді білдіреді) әрқайсысы жеке-дара жұмыс істеп, өз ұсталығын атадан балаға мұра етіп қалдырып отырды. Әйелдердің әшекей бұйымдары да, киімге тағатын түрлі қосымшалары да, тазалыққа қажетті бұйымдар да, ас жабдықтары, киіз үйдің ағаш қаңқасының, жиһаздардың, ағаштан және теріден жасалған ыдыстардың, саз аспаптарының, қару-жарақтардың, ат әбзелдерінің бекітпелері де осы зергерлердің қолынан шықты.
Зергерлік бұйымдардың стилистикасы да географиялық жағдайға, ең бастысы, қазақтардың тұрмысының көшпелі салтына орай соншалықты сан алуан болды. Азияның далалық аймағының алып кеңістігіндегі көшпенділердің тұрақты түрде көшіп қонған атмосферасында, түрлі халықтармен араласуында, олармен мәдени құндылықтарды алмасу кезінде қазақтардың зергерлік өнері дамып, байи түсті.

Қазақ зергерлерінің сүйікті материалы күміс болды. Зергерлік бұйымдары жөнінде сөз бола қалса, бәрінен бұрын, олар қаншалықты сәнді болса, соншалықты жаман нәрселерден қорғау қасиетіне ие болып, сондай мәніне қарай олардың қалып мен ою-өрнек алғанын, жасалынатын материалының да түрліше болғанын ескерген жөн. Күмістің жылтылы мен түсі айға, айдың жарығына баланды. Олардың ойынша, «Боз ғаламшар» мен күміс бір-бірімен тығыз байланысты; металды түнгі жарықтың бір бөлігі ретінде қабылдап, оған түрліше құдіретті (магиялық) қасиет берді. Баланы шомылдырғанда суға күміс теңге мен күміс сақина тастап, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деуі тегіннен-тегін емес.

Жарас Кемелжан

Бүгін, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде