jasqazaq.kz

Әлемге белгісіз «қазақ гені» табылды

15 қазан 2016, 16:41

4ad1035f98df732c1bcc6b52e4185317_resize_w_520_h_

Астана қаласындағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығындағы HLA-зертханасының мамандары әлемге белгісіз қазақ ұлтына ғана тән антигенді тапқан. Қазақ популяциясының жаңа тұқымы халықаралық деректер қорында тіркелді.
«Зертханада донор мен реципиенттің қанын зерттеу арқылы олардың сәйкестігін тексереміз. Осындай тексеру барысында қазақ пациентінің қанынан жаңа лейкоцетарлық геннің түрін анықтадық. Бұл әлемдегі біздің ашқан жаңалығымыз болды. Дүниежүзінде еш жерде табылмаған ген Қазақстанда табылып жатыр», — деп мәлімдеді трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының меңгерушісі Аида Тұрғанбекова.

Маманның сөзінше, әлемде қазақтардың қанына ешкім осындай зерттеу жүргізген емес.

«Біздің өзімізге тән жаңа антиген табылып жатыр. Себебі ешкім қазақтың лейкоцетарлық антигенін зерттеген жоқ. Біз бірінші болып осыны қолға алдық. Сондықтан осындай жаңа гендердің анықталуы әлі де жалғасады деп ойлаймын», — дейді трансфузиолог.

Жалпы, қазіргі таңда әлемде 150 миллионға жуық антиген анықталған екен. Қазақтан табылған антиген Германияға жіберіліп, оған «DQB1*03:82» атауы берілді. Осылайша, қазақ популяциясының жаңа тұқымы халықаралық деректер қорында тіркелді.
Біздің мамандардың айтуынша, бұл әдеттегі антиген және ешқандай ауруға әсер етпейді. Бірақ трансплантация кезінде оны мұқият зерттеу керек.

«Лейкоциттерде арнайы антиген болады, ол адам мүшелерін ауыстырған кезде оны қабылдамауы мүмкін. Сондықтан осындай жағдай болмауы үшін донор мен реципиенттің осы гендерінің сәйкестігін қараймыз. Сонда ғана трансплантация жүргізіледі», — дейді зертхана меңгерушісі.

Айта кетейік, Астана қаласындағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығындағы HLA-зертханасы 2011 жылы ашылған. Бұл зертханасыз органдарды трансплантациялау мүмкін емес. 2011-2015 жылдар аралығында 536 операция жасалған.

baq.kz

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды