Лаура Мырзахметова: Үш айда темекіні әрең қойдым

18 тамыз 2023, 14:25

 

Отандық «Бақыт» фильмінде басты рөлде ойнаған актриса Лаура Мырзахметова түсірілім кезіндегі қызықтарымен бөлісті. Өнер иесі «Әйел энергиясы» бағдарламасында түсірілім барысында темекі шегіп үйренгенін ашып айтты.
«Шын өмірде темекі тартпаймын. Маған режиссер кастингтен өткеннен кейін «Темекі шегесің бе?» деп сұрады. Жоқ десем, «Қазірден баста. Сен кадрде бірнеше жыл тәжірибесі бар адам секілді, 2-3 тартып темекіні тауысуың керек» деді. Сонымен не істеймін? Үйге кеп, темекі шегіп тұрсам, күйеуім «Сенікі жай ма?» дейді. Маған темекі шегуді тапсырды десем, жұбайым «Сонда іш десе, ішесің бе?» деді. Енді менің мамандығым сол ғой. Мен темекі шектім, Ерболат Әлқожа ішті. Фильмде бар жаныңды салып ойнап жатқанда, түрің келмесе қалай болады?», — деді ағынан жарылған актриса. Сонымен қатар Лаура Мырзахметова түсірілім біткеннен кейін темекіні қою өте қиын болғанын айтты. «Кейін темекіні қою өте қиын болды. Үш айға дейін қоя алмай қиналдым. Мен театрда жұмыс істеймін. Ол жерде бағыт басқа, көзқарас басқа. Менде темекіге деген тәуелділік басталды. Үш айда әрең қойдым», — деді Лаура Мырзахметова.
JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз