Ләйлә Сұлтанқызы: Тәуекелге барғың-ақ келеді, бірақ «ұят болады» жібермейді…

17 тамыз 2023, 11:57

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды.
«Өзгені өзіңнен биік қоятын сәттер…Таныс па бұл сезім? Мысалы, жұмыста қатты ауырып тұрсыз, бірақ тастап кете алмайсыз… Күйеуіңіз абьюзер, бірақ ол адамнан кетуді қаламайсыз… Өзіңізге қымбат, жақсы зат көрдіңіз, бірақ ол ақшаға лучше үйге бірдеңе алайын, бала-шағамды киіндірейін деп ойлайсыз…Кейде кез келген өтінішке “жоқ” деп айту да қиын, көңілін қалдырып алатын сияқтымыз… Тәуекелге барғымыз-ақ келеді (стиль өзгерту, ұзын-қысқа, жылтыр, ақ-қара киіп, иммидж өзгерту. Жаңа іс бастау, мамандық ауыстыру сияқты…), бірақ жүрегіңдегі “қой, ұят болады” жібермейді. Бұл тізімді жалғастыра берсең шегі жоқ… Шындап келгенде, сіздің не істеп, не қойғаныңызда ешкімнің шаруасы жоқ. Басқалар үшін бәрібір.
Ал қалғаны өмірдің ағысымен келген сынақ пен сыйда сынала береді:
Күйеуді — тоқшылықта,
Әйелді — жоқшылықта,
Баланы — қартайғанда,
Бауырды — мираста,
Жолдасты — жолдың үстінде,
Досты — қиындықта танимыз…

P.S: Осы тұста баяғыда бір танысымның “адам алдында емес, бастысы Құдай алдында беделің биік болсын” дегені есіме түсті…», — деп жазды ол.
Тележүргізушінің бұл жазбасына оқырмандары алаңдап, «иә, дұрыс айтасыз, ұят болады көп қыздың түбіне жетті», «Сізге не болған? Неге мұндай жазба қалдырдыңыз?!», «Тыныштық па?» деп жазды олар.

JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз