Ләйлә Сұлтанқызы: Махаббат — құшақтасу мен сүйісу емес

15 қараша 2023, 14:09

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға орай әлеуметтік желіде жас қыздарға кеңес берді.

“Қызға қорған болу – ер азаматтың міндеті”. Қыздың жолы ғана емес, ғұмыры да жіңішке. Өзінің де, өзгенің де тарапынан сәл қате қадам оны үзіп алуы мүмкін. Оған қорған болып, қабілеті қырық жанның көзіндегі отты сөндіріп алмау, қолдау, аялау – АЗАМАТТЫҢ міндеті. Қыздың бақыты мен тыныштығы – әке,іні, жардың құрметі, жауапкершілігі, сыйластығы. Кез келген ізгіліктің бастауы – тәрбие”, – дейді Ләйлә.

Сондай-ақ тележүргізуші жас қыздардың тәрбиесімен қатар денсаулығына да қатты алаңдайтынын жеткізді. Аяқты жылы ұстау, бас киім киіп жүру секілді ақыл-кеңесті де жіпке тізді.

“Әкеңе ұқсайтын жан ізде, тапсаң әкеңдей құрметте. Махаббат тек құшақтасу мен сүйісуден тұрмайды. Екеуара әңгіменің жарастығы отбасының беріктігіне тікелей әсер етеді. Отбасы болғаннан кейін балалы болу өте маңызды. Қыз күніңнен аяғыңды жылы ұстап, денсаулығыңды күт. Бала көтере алмасаң, айналаңның сөзбен де көзбен де қадайтынын ұмытпа. Тар құрсағын жібітпеді деген әңгімеге қаласың”, – деп ескертті.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу