jasqazaq.kz

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының түлектеріне арналған әскери-дала жиындары

17 шiлде 2025, 17:16

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының түлектеріне арналған әскери-дала жиындары

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасын тәмамдаған түлектер үшін әскери-дала жиындары дайындықтың қорытынды кезеңі болады.

Жиындардың алғашқы кезеңінде түлектер теориялық білімдерін бекітіп, ең бастысы, әскери дайындықтың негізгі бағыттары бойынша практикалық дағдыларды меңгереді. Оларға әскери кафедрада оқу барысында алған жауынгерлік машықтарын нақты істе дәлелдеу қажет болады. Бағдарламаға қызметтік құжаттарды жүргізу, атыс дайындығы, граната лақтыру, жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану және тактикалық тапсырмаларды уақытқа орындау секілді бөлімдер енген.

Жиындардың екінші практикалық кезеңінде студенттер «Әскери қызметшілерді дала жағдайында орналастыру» тақырыбын пысықтайды. Олар өз беттерімен шатырлы қалашықты жабдықтап, жалпыәскери жарғыларға сәйкес күнделікті қызметті ұйымдастыруы тиіс.

Сонымен қатар, курсанттар рота шаруашылығын жүргізудің негіздерін, далалық жағдайда тамақтануды ұйымдастыру мен әскери қызметшілердің тамақ ішу тәртібін тәжірибе жүзінде меңгереді. Олар тәрбие және идеологиялық жұмысты жоспарлау әдістемесімен, сондай-ақ көшпелі көрнекі үгіт құралдарын тиімді қолдану жолдарымен танысады.

Бұл жиындар студенттердің әскери дайындығының қорытынды кезеңі болып табылады. Теориялық сабақтарда алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Әскери кафедра бұл міндетті табысты атқарып келеді және Қазақстандағы әскери-дала жиындарын толық көлемде ұйымдастыратын санаулы кафедралардың бірі болып отыр.

Жиын барысында студенттер Макаров тапаншасынан және Калашников АК-74 автоматынен ату, әскери техниканы жүргізу және бейбіт әрі соғыс жағдайында бөлімшелерді басқару бойынша практикалық нормативтерді тапсырады. Жиын соңында олар әскери есепке алу мамандықтары бойынша қорытынды аттестациядан өтіп, еліміздің Қарулы күштерінің кадрлық резервін толықтырады.

Студент: Ұлжан Сейданова

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді