jasqazaq.kz

Л.Құсайынова: Қазақстанда 130-дан астам ұлттың өмір сүруі, саяси тұрақтылықтың көрінісі

28 қараша 2017, 17:00


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астана қалалық Қазақстан Халқы ассамблеясы «Мен қазақстандықпын!» жастар форумын өткізді.
Астана қалалық Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова «Қазақстанда 130-дан астам ұлт өмір сүреді. Бұл біздің елдің саяси тұрақтылығының көрінісі. Бүгінгі шарада сол ұлттар ынтымақтастығының бір айғағы іспетті. Украин мәдениет орталығы, өзбек мәдениет орталығы бүгін студент-жастарға өзінің жетістікке жетіп жүрген жас кәсіпкерлерін алып келіп, дәрістер оқытып жатыр. Олар шағын бұйымдар жасаудан бастап, наубайханада қалай жұмыс істеу керектігін үйрететін болады» — дейді.
Baq.kz хабарлағандай, қалалық жастар форумы Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асырылды.
Жиынға қатысушы студенттер «Мен қазақстандықпын!» форумына қатысып жатырмыз. Түрлі сала мамандары мастер-кластар өткізді. Жетістікке жеткен жас кәсіпкерлер өзінің табысқа жету құпиясымен бөлісті. Сонымен қатар, әскери әулет мүшесінің осы саладағы әулет жетістігімен бөлісуі де бізге қатты әсер етті. Әрине, «рухани жаңғыру» бағдарламасын барлығымыз білеміз, бірақ оның жастарға не беретінін нақты ешкім айтып бере алмайды. Ал бүгінгідей жиындар біздің осындай елдік мәселелерді терең түсінуімізге мол мүмкіндік береді» — дейді.
Олардың сөзіне қарағанда қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатқан кез келген азамат өзінің осы елдің азаматы болғанын мақтан етуі керек. Яғни кім болса да «Мен қазақстандықпын!» деген сөзді ұялмай айтатын деңгейге жетті.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда