jasqazaq.kz

Күзгі жапырақтай дірілдеп…

17 қазан 2022, 11:33

10 қазандағы баспасөз мәслихатында «Алматы жылу желісі» компаниясының бас инженері жұртты дүдәмал етіп қойды. Биыл «15 қазанда жылу беріледі» деген әңгіме жоқ. Бес күн бойы ауа температурасы +8 градустан аспауы керек!

Содан бері тұрғындар ауа райын аңдып әлек. Ол да күндіз +20-дан асып, түнде +9 градустан түспей титықтатып тұр. Күнделікті тіршілік – құдды «квест»! Түнде үш қабат киініп, күндіз шешінудің өзі біраз уақыт алады (әсіресе, бала-шағасы барларға қиын). Автобуста түшкіргендерден үркіп, жөтелгендерден қашып, жұмыста мұрнын тартып отырғандарға жоламауға тырысып… күндер осылай өтіп жатыр. «Шіркін, Сағынтаев!» деп күрсінетіндер шықты. Былтыр суық түсе сала отты қосқызып еді-ау…
Күндіз жылы болғанымен, кешке күрт суытып, қаланың тас үйлері «жібіп» те үлгермейді. Сондай тас үйде бойы жылымаған бір таныстың шабыты оянып, өлең жазыпты. Оны телефонмен оқып берді.
Күзгі жапырақтай дірілдеп,
Алматы бүрсең қағады.
Жылу қайда деп сұрап ем,
Ала көзбен әкім қарады!
– «Алматы бүрсең қағадың» жарап тұр, бірақ әкімді ала көзбен қаратып қойғаның қалай болар екен? – деймін.
– Ол ұйқас үшін. Кезінде Храпунов 1 қарашаға дейін созып еді ғой, есіңде ме?
– Е-е, 1997 жылы ғой, бала-шағамызбен қатып қалғанбыз! Бірақ ол кезде дағдарыс болатын.
– Ал қазір не?
– Оны әкімдіктегілер айтсын!
– 15 қазанда қоспаса, не істейміз?
– Не істейміз, күтеміз! Күзгі жапырақтай дірілдеп…

Гүлнар Ахметова

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді