jasqazaq.kz

Кредитті жылдам жабудың тәсілдері қандай?

21 қантар, 13:57

Қарыздан құтылу үшін бастысы – жүйелі жоспарлау мен шығындарды басқаруды үйрену. “Білген абзал” бағдарламасында қаржы маманы Ербол Азанбектің айтуынша, бұл мақсатқа жетудің бірнеше тиімді әдісі бар.

1. Бюджетті дұрыс жоспарлау
Несиені жылдам жабу үшін ең алдымен бюджетті жоспарлауды қолға алу қажет. Ербол Азанбек былай дейді:
«Кредит төлемін ескеріп, кірістер мен шығыстар сомасына талдау жасаңыз да қанша ақша қалатынын есептеңіз. Бұл ақша қосымша шығындарға, мысалы көлік алуға, кафеге баруға немесе туыстарыңызға сыйлық алуға жете ме? Әлде ақшаңыз жеткіліксіз бола ма? Ақшаны ұзақ уақыт бойы үнемдеу оңай емес. Егер ақша жеткіліксіз болса, кредит алмаған дұрыс немесе тиімді шарттарды іздеу қажет».

Бұл кеңес арқылы кірістер мен шығыстар арасындағы теңгерімді анықтап, ақшаны артық жұмсамауға болады. Егер қаржылық жағдайыңыз тұрақты болмаса, кредит алу орнына шығындарды қысқарту жолдарын қарастырған жөн.

2. Қарызға батып өмір сүрмеу
Маманның айтуынша, қарызға шамадан тыс тәуелді болу қаржылық тұрақтылыққа кері әсер етеді:
«Егер сіз қанша ақша табатыныңызды және қанша ақша жұмсайтыныңызды білмесеңіз, бір күні шығындарыңыз кірістер сомасынан асып түседі. Ақша жетіспейді, қарыздар өседі. Оған қоса кредит бойынша міндетті төлемдер болады. Сондықтан қаржылық жоспар қажет».

Қаржылық жоспарлау – артық қарыздардан сақтанудың тиімді жолы. Ербол Азанбек кемінде екі айлық қаржы жоспарын Excel-де немесе мобильді қосымшада жасауды ұсынады. Бұл сіздің кіріс пен шығысты бақылауға көмектеседі.

3. Бюджетті оңтайландыру
Бюджетті дұрыс жоспарлау ғана емес, оны оңтайландыру да маңызды. Ербол Азанбек атап өткендей:
«Ақшаңыздың бәрі қажетті заттарға жұмсалып, артық ақшаңыз қалмайтындай көрінуі мүмкін. Бірақ шығындарға талдау жасасаңыз, ойыңыз өзгереді. Көп адамдар қажет емес қызметтерге, кофеге, фастфудқа біраз ақша жұмсайтынын байқамайды. Сондықтан бюджетті жоспарлау маңызды».

Шығындарды қайта қарап, қажетсіз қызметтер мен артық шығындарды қысқарту арқылы үнемделген қаражатты кредитті жабуға бағыттауға болады. Бұл әдіс арқылы қарыз жүктемесін азайтып, несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін арттырасыз.
Бастысы несиені жылдам жабу үшін бюджетті мұқият жоспарлап, шығындарды оңтайландырып, артық қарыздан аулақ болуыңыз керек.

Олжас Әбдіхалық

Фото: shutterstock.com

31 мамыр, 15:35
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
31 мамыр, 15:03
Түркістан: Ордабасы ауданы «көгілдір отынмен» қамтылды
31 мамыр, 14:57
Түркістан: Түлкібас тұрғындарына пәтер кілті табысталды
31 мамыр, 14:51
Түркістан: теміржол вокзалдары жаңғыртылады
31 мамыр, 12:10
Түркістан: Аңыздар - жасөспірім көзімен
30 мамыр, 14:40
Түркістан: Бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі
30 мамыр, 13:06
Дархан Сатыбалды: Алматының жаңа полиорталықтары адамдар үшін жайлы болуы тиіс
30 мамыр, 12:00
Музейде маусымдық лагерь: Түркістанда «Мұрагер» жобасы басталды
30 мамыр, 11:49
Қазыбек Дәуіталиев: Қоғамдық кеңес – халықтың үніне айналуы тиіс