jasqazaq.kz

Көшті қозғаған мақала

11 маусым 2021, 14:40

Таяқтың екі ұшы болатыны сөзсіз. Көш те сондай. Жақсы жағы да, жағымсыз тұсы да бар. Бірақ мұның бәріне уақыт емші. «Мәскеу бір күнде салынған жоқ» деген әңгіменің кері бұл. Оның үстіне, елі көшіп, жұрты қалған ауылда ажар бола ма? Сондай мекенге адам тартып, аз уақытта ауылға шырай кіргізу оңай шаруа емес.

Jas qazaq газетінде жарияланған мақалалардан, басылым журналистері жасаған ұсыныс-пікірлерден кейін, қоғамда дұрыс ақпарат тарала бастады. Өйткені осы ақжолтай хабардан соң жан-жақтан үлкен қозғалыс басталғанын байқап отырмыз. Айтылған ұсыныстардың барлығын Парламент депутаттары мен сенаторлар қолдап, мәселе үкімет назарына жетті. Дәл қазір біздің ұсыныс үкіметте қаралуда. Мұның өзі қуантарлық жағдай. Үлкен нәтиже.

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында бұрын жұмыспен қамту орталықтары ғана жұмыс істейтін. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының азаматтары, жастар мен қоғам белсенділері үндеу жасап, халықты шақырып жатыр. Соңғы кездері дұрыс ақпарат тарату мәселесі де қолға алынды. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысындағы көшке жауапты азаматтар неге тыныш жатыр, олардың үні неге естілмейді деген сауал бізді де мазалайтын. Jas qazaq газеті жазды, мәселені көлденең қойды. Сөйтіп өткендегі мақаладан кейін шығыстың кейбір атқамінерлері ауылына оңтүстіктен адам шақырып, кәсіпкерлер мен ауыл әкімдері үн қатып жатыр. Мұның дәлелі – біздің чаттарға келген хабарландырулар.

Біз қашанда сыннан сабақ алған елміз. Сын айтылмай, мін түзелмейді. Сын айтушылар мен сыналушылар көп заманда бұл да өзекті. Бірақ Jas qazaq ұмыт болған тақырыпты емес, күйіп тұрған мәселені көтерді. Қоғамға үндеу жасады. Алайда қоғамды өзгерту үшін үнемі сынай беру де дұрыс емес. Қайта кемшілікті айта отырып, ұсыныс жасау керек. Сонда іс ілгері басады. Басылымның үш санындағы материалдардың негізгі тіні сондай. Теріскейге көшу үшін де сынмен бірге ұсыныс болу керек. Әйтпесе, Нұр-Сұлтандағы депутаттар біздің мәселені иіскеп білмейді.

Нұржамал Тамбетова,
Мағжан Жұмабаев ауданы білім бөлімінің әдістемелік бөлім меңгерушісі,
көші-қон белсендісі, СҚО

Бүгін, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай