jasqazaq.kz

Көшпенділер ойыны: Қазақстаннан екі мерген финалға шықты

10 қыркүйек 2024, 14:41

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ ату бойынша Қалқан нысанасын көздеуден сайыс өтіп жатыр. Оған 33 мемлекеттен 120 ер және 60 әйел қатысуда.

Қалқан нысанасын көздеуде ерлер 60 метр, әйелдер — 50 метр қашықтықта нысана көздейді. Мұнда әр спортшыға 7 мүмкіндіктен беріледі, әр мүмкіндікте 3 минут уақыт болады және 7 жебе атылады.

Әр тиген оққа 1 ұпай беріледі, ең жоғары ұпай — 49. Ұпай сандары тең түскен жағдайда 7 жебемен тағы бір мүмкіндік беріледі. Тағы да тең түссе — нысананың ортасына ең жақын тиген оқ есепке алынады.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында қазақстандық Ербол Тәпенов пен Қанат Қасымхан, мажарстандық Ласло Кочка және моңғолиялық Цэвээн Худерчулуун финалға шықты.

Әйелдер арасында бүгін қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады, жүлде орындар үшін ресейлік Анна Алексеева, мажарстандық Барчай Николет Илона, үндістандық Сури Рено және қырғызстандық Әсел Садырова таласады.

Финал ойындары бүгін Астанадағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 16:00–де басталады.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді