jasqazaq.kz

Көшпенділер ойыны: Қазақстан тоғызқұмалақтан 5 медаль жеңіп алды

11 қыркүйек 2024, 15:55

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тоғызқұмалақ бәсекесі Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйінде өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған бәсекеде, ұлттық құрама спортшылары жалпы 5 медаль еншіледі (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Бексұлтан Бостандықов алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды. Ал қырғызстандық тоғызқұмалақшылар күміс және қола медалды қанағат тұтты.

Әйелдер арасында ұлттық құрама спортшысы Мөлдір Серікқызы алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Қырғызстан спортшылары 2 қола медаль иеленді. Сондай-ақ, ұлттық құрама жалпы есепте 30,5 ұпаймен командалық алтын жүлдені жеңіп алды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді