Көші-қон қызметі басқармасы басшысының парамен ұсталғанын Антикор растады

28 қыркүйек 2023, 16:02

Абай облысының cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 қыркүйек күні жариялаған ақпаратқа сүйенсек, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — дейді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ведомство ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеп, тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жария еткен жоқ.

28 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Антикор ақпаратты растады.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді