Көп балалы әке 23 келі есірткімен ұсталды

25 қыркүйек 2023, 16:24

Ақтөбе облысында көп балалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған. Polisia.kz. хабарлағандай, 21 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Қарасора – 2023» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызметтік итті қолдана отырып, есірткіге масаң күйдегі ер адамды ұстады. Ұсталған 45 жастағы ер адамды тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.


Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 келі 500 гр марихуана екені белгілі болды. Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің кәмелетке толмаған 6 баласы бар.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді