Кооперативке біріккен шаруаларға қолдау көп

15 тамыз 2023, 21:03

Шымкентте қазір 3400 шаруа қожалық, оның ішінде 86 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы кәсібімен айналысуға ниеттенген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан «Іскер қала» бағдарламасымен жеңілдетілген 1-2 % несиелендіру және инвестиция, қайта өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы бағыттарында субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдаулар да қаралған. Сала жетекшісі осы бағыттарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулар мен жеңілдіктерге шаруалар бас қосқан «Дала күні» семинарында нақты ақпарат берді.

– Жеке қосалқы шаруалар кооперативтерге біріккен жағдайда 1-2 айызбен «Іскер қала» бағдарламасымен несие ала алады. Ал, басқарма тарапынан кооперативтер қандайда бір жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған жағдайда кеткен шығынның 25-30%-ын субсидиялайды. Қайта өңдеуші кәсіпорындар сүтті қайта өңдеп, сары май өндірсе жұмсалған шикізаттың литріне 18 теңге, қатты ірімшікке жұмсауға кеткен шикізаттың литріне 28 теңге қаржы береді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін банктен алған несиелердің 10-11 пайыз аралығындағы сыйақысын да субсидиялайды. Егін шаруашылығында пестицидтер құнының 1 литрі (килограмы) — 50%-на дейін, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамы (данасына) — 40%-на дейін мемлекет тарапынан өтеледі, – деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің «Дала күні» семинарында шаруалар бас қосып, бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу, үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы көкөніс шаруашылығын дамытудың негіздері және кластерлік жобаларды құру мәселесін ортаға салды.

Семинар алдында ауыл шарушылығына қажетті органикалық тыңайтқыштар мен техникалар, көкөніс тұқымдары, суару жүйесінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Шымкентте өндіріліп, ішкі нарық пен көрші елдерге экспортталып отырған өнімдер қойылған. Семинарға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов және қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар алдымен көрмені аралап, отандық өндірушілердің тауарымен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, бүгінде қаламызда ауыл шаруашылығын дамытуда кешенді жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Қазір қала аумағында 81 елді мекенде 157 мыңға жуық мал басы және 50-ге жуық түрлі қайта өңдеуші кәсіпорын бар. Мұндай жобалар – үй іргесіндегі бос жатқан жерлерді тиімді пайдаланып, кластерлі жобаларды жүзеге асыру арқылы қала тұрғындарының табыстарын арттыруға және өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесу болып табылады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады