Контрафактілік алкоголь мен темекінің жолы кесілді

17 қараша 2023, 14:10

Абай облысында контрафактілік алкоголь мен темекінің ірі партиясын тасымалдаудың жолы кесілді. Polisia.kz хабарлағандай, Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ертіс өткізу пунктінде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өңір аумағында контрафактілік алкоголь мен темекінің заңсыз айналымының жолын кесті. Облыстық орталықтан шыққан кезде стационарлық бекетте полицейлер шетелдік маркалы автокөлікті тоқтатып, оны тексеру кезінде арнайы акциздік маркалары жоқ темекі өнімдері мен спиртті тапты. Құқықтық тәртіп сақшылары тиісті құжаттарсыз 70 блок темекі және құрамында 180 литр мөлшерінде алкоголь бар ыдыстар бұйымдарын тәркіледі. Кейіннен жүргізуші контрафактіні ауылдық жерлерге жеткізгені анықталды. Тәркіленген алкоголь мен темекі Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жауапты сақтауға берілді. Барлық мән-жайларды анықтау үшін материал экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу