jasqazaq.kz

Конституциялық реформа –  бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту

26 қантар, 20:46

Астанада өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Парламенттегі партиялардың фракцияларының жетекшілері, атап айтқанда, «AMANAT» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясынан Серік Егізбаев, «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Асхат Рахымжанов, «Respublika» партиясынан Айдарбек Қожаназаров және Қазақстан халық партиясынан Магеррам Магеррамов сөз сөйледі.
Елнұр Бейсенбаев пропорционалды сайлау жүйесі мен партия ішілік праймериздердің маңыздылығына ерекше тоқталып, олардың сайлаушылар мен Парламент құрамы арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететініне тоқталды:
«Парламент қоғамның нақты сұранысын көрсететін болады, ал саяси бәсекелестік азаматтар үшін анағұрлым ашық әрі түсінікті болып, партиялардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді».
Серік Егізбаев экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды.
Ал Азат Перуашевтің айтуынша, Конституциялық реформа –  бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту.
«Жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформа – бұл халықаралық тәжірибеге және парламенттік оппозицияның көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, бүкіл конституциялық жүйені терең жаңғырту», – деді ол.
Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың V отырысында ұсынған Халық кеңесін құру және оның мәртебесін Конституцияда бекіту бастамасы билік жүйесіне түрлі этностар өкілдерінің қатысуын сегіз есе арттыратынын атап өтті: Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әралуандықтағы бірлік» формуласына сәйкес, бес өкілдің орнына 42 өкіл қатысады. Сонымен қатар бұл өңірлер мүдделерінің өкілдігін бекітіп, азаматтық қоғам көшбасшыларын саяси жүйеге кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
Асхат Рахымжанов Конституциялық реформаның мемлекеттік билікті барынша ашық, қоғам алдында есеп беретін және азаматтарға жақын етуге бағытталғанын айтты.
«Ұсынылып отырған өзгерістер – абстрактілі жаңғырту емес, қоғамның нақты сұраныстарына берілген жауап. Конституциялық реформа – тек саяси ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық серпін. Ол сапалы заң шығару, парламенттік бақылауды күшейту, шешім қабылдаудың ашық рәсімдері және ең бастысы – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыру үшін жағдай жасайды. Ал сенім – инвестициялардың, кәсіпкерліктің, әлеуметтік тұрақтылық пен адами капитал дамуының негізі», – деді ол.
Айдарбек Қожаназаров Конституциялық реформаның жас буынға бағдарланғанын және экономиканы дамытуға жағдай жасайтынын атап өтті.
Магеррам Магеррамов «Заң мен Тәртіп» қағидатын Конституцияда бекітудің маңыздылығына назар аударды: «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның ажырамас құрамдас бөліктері және азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі».

М.Магеррамов Ата заңды реформалау қоғамдық дамудың шешуші факторы болатынына сенім білдірді.

JQ-Aqparat

Сурет: Конституциялық сот

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк