jasqazaq.kz

Конституцияда жеке деректерді қорғау құқығын бөлек бекітуі мүмкін

26 қантар, 22:56

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов жеке деректерді қорғауға арналған бапты қолдады.
«Бұл жеке құқықтар мен бостандықтар, олар ҚР Конституциясында бекітіліп, мемлекет тарапынан кепілдендірілуі тиіс, себебі бұл – адамның ең құнды жеке бостандықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін құндылықтар: өмірге және жеке қауіпсіздікке құқық, жеке және отбасы өмірінің игіліктері, моральдық және рухани кедергісіздік, өмірін, бостандығын, жеке тұлға ретінде абыройын қорғауға қажеттіліктер», – деді депутат.
Марат Башимовтың айтуынша, жеке құқықтар мен бостандықтардың негізгі мәні конституциялық формуладан туындайды: «Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең жоғары құндылықтары».
«Адамның жеке өмірі оның өз жеке өмірінің қоғамға немесе мемлекетке жариялағысы келмейтін аспектілерінен тұрады. Бұл – жеке тұлғаның ерекше тәуелсіздігі, қоғам мен мемлекет бақылауына жатпайды», – деді спикер.
Мұнда жеке деректердің заңсыз жинақталуы, өңделуі, сақталуы және қолданылуынан бостандық туралы сөз болып отыр, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы өңделетін деректерді де қамтиды.

«Бұл жеке құқықтар мен бостандықтар тобы жеке және отбасы өмірінің қорғалуы үшін кепілдік береді: жеке өмірге, жеке және отбасы құпиясына қол сұғылмаушылық құқығы. Жеке бостандыққа конституциялық құқықтың құрамына осы құқықтар тобына әр адамның жеке деректерді заңсыз жинау, өңдеу, сақтау және пайдалануынан, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы, бостандыққа құқығы сияқты маңызды құқықтарды қосу қажет», – деп атап өтті депутат.
Марат Башимов Қазақстан заңнамасында жеке деректерді қорғауға бағытталған нормалар бар екенін еске салды. Мысалы, ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабында меншік иелері, операторлар және үшінші тұлғалардың шектеулі қолжетімді жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге және субъектінің келісімінсіз немесе заңды негізсіз оларды таратуға жол бермеуге міндетті екендігі көрсетілген. Биометриялық деректердің құпиялылығы бөлек бекітілген.
Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 148-бабының 1-бөліміне сәйкес, жеке өмір құпиясын заңсыз бұзу екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Айта кетейік, кәсіби құпияларға бөлек назар аударылады. «Белгілі бір мамандық өкілдеріне азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сеніп тапсырылған жеке және отбасы құпияларын кәсіби құпиялар деп қарау қажет. Оларға дәрігерлік, адвокаттық құпия, құпия исповедь, алдын ала тергеу құпиясы, нотариалдық әрекеттер құпиясы және басқалары жатады», – деп атап көрсетті Башимов.
JQ-Aqparat
Сурет: Astanatv.kz

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк