jasqazaq.kz

Конфедерация кубогының жеңімпаздары белгілі болды

04 желтоқсан 2017, 10:46

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде 2017 жылғы Конфедерация кубогы өз мәресіне жетті.

Спорттың алты түрі бокс, грек-рим, еркін, дзюдо және қазақ күресінен, сондай-ақ, таэквондодан сайысқа түскен әр өңір спортшылары өзара кіл мықтыларды анықтады.

Енді осы спорт түрлері бойынша қай облыс спортшылары жеңімпаз болғанына тоқталайық.

Бокс:

Бокстан Оңтүстік Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлері топ жарды. Олар финалда Маңғыстау облысының командасын 7:3 есебімен ұтып, Конфедерация кубогының иегері атанды.

Грек-рим күресі:

Грек-рим күресі бойынша Алматы облысы бас жүлдені жеңіп алды. Олар финалда Қарағанды облысының спортшыларын 5:3 есебімен қапы қалдырды.

Еркін күрес:

Еркін күрестен Алматы облысының балуандары Конфедерация кубогын қанжығаларына байлады. Олар финалда Шығыс Қазақстан облыстарының балуандарымен 4:4 есебімен тең түскен болатын. Алайда, ұйымдастырушылар тең нәтиженің жеңімпаздарын екі облыстан келген балуандардың күресу мәнері мен әдіс жасау сапасы бойынша бағалап, 42:40 есебімен Алматы облысының балуандарын үздік деп тапты.

Дзюдо:

Дзюдо күресінен Қарағанды облысының балуандары мықты екендерін дәлелдеді. Олар финалда Ақтөбе облысының балуандарын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

Таэквондо:

Таэквондо спорты бойынша Алматы қаласының спортшылары үздік екенін мойындатты. Олар финалда Алматы облысынан келген қарсыластарын 72:42 есебімен ұтып, Конфедерация кубогын қанжығаларына байлады.

Қазақ күресі:

Конфедерация кубогына биыл тұңғыш рет қосылған қазақ күресінен «Алматы қаласының спорт клубы» жеңімпаз атанды. Олар финалда «Қарағанды облысының спорт клубы» 5:3 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

ҚазАқпарат хабарлағанндай, Осылайша спорттың 6 түрінен өткен Конфедерация Кубогы өзара мықтыларды анықтады. Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанған командаларға 25 миллион теңгеден қаржылай сыйақы табысталды.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда