jasqazaq.kz

Кондуктор мас күйінде автобусты айдап әкетті

28 қараша 2017, 10:42


Көкшетау қаласында ішімдікке мас болған кондуктор жолаушылар отырған автобусты айдап әкетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көкшетау қаласының ІІБ ЖПҚ жол-патруль полициясы батальоны жолаушылар отырған автобусты тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексереді. 29 жастағы жүргізуші құжаттарын көрсету үшін сыртқа шыққан сәтте автобус салонына бейтаныс ер адам жүгіріп кіріп, оны айдап әкетеді. Алайда ер адам оқиға орнынан алысқа қашып үлгермеді. Құқық қорғау органдары оны бірден құрықтады», — деп жазады портал.

Автобусты 30 жастағы жергілікті тұрғын айдап әкеткен екен. Тергеу барысында ер адамның кондуктор болып жұмыс істегені анықталды.

Қазіргі таңда аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 1-бөлім, 200-бабы бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ