jasqazaq.kz

Колледждің бас есепшісі өзіне 10 млн теңге жалақы аударған

17 сәуiр 2018, 16:37


Қызылорда облыстық мемлекеттік аудиторлар Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде қаржылай заңбұзушылықтарды әшкерелеген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

 Tengrinews.kz  хабарлағандай,  «Аудит нәтижесі бойынша, колледждің бас есепшісі мен экономисі негізсіз өздерінің жеке есеп карталарына 10 миллион 331 теңгені жалақы ретінде аударған. Осылайша олар ҚР Үкіметінің қаулысын («Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы») бұзды», — деді ведомстводағылар. 2017 жылы қарастырылған 1,636 миллион теңгенің орнына бухгалтер өз есепшотына 8,052 миллион теңге жіберген, ал экономисте қарастырылған 1,168 миллионның орнына 3,915 миллион теңгені еңбекақы, еңбек демалысының ақысы және сыйақы ретінде жіберген. Қазіргі уақытта аудит жалғасып жатыр, олар колледж қызметкерлерінің еңбек демалысы, жалақысы мен өтемақы төлемдері қалай жүргізілгенін тексеріп жатыр.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады