Көлік жөндейтін орталықты тонағандар ұсталды

20 қазан 2023, 10:14


Елордада техникалық қызмет көрсету станциясына ұрлыққа түскендер анықталды. Polisia.kz хабарлағандай, Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 35 пен 44 жастағы елордалық азаматтарды анықтады. Тергеу барысында ер адамдардың түнгі сағат 04:00 шамасында сол жақ жағалаудағы техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне келгені белгілі болды. Қаскүнемдер қылмыстық оймен жан-жағына мұқият қарап, маңайында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң кілттерді сәйкестендіру арқылы үй-жайдың есігін ашып, ішке кірген. Ол жерден екі кілт жинағы мен көлік фарасын жылтыратуға арналған химиялық құрылғыны алып кеткен. Осылайша 255 мың теңгеге материалдық шығын келтірген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамдар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді