Көлік салығын уақытында төлеу керек

25 қыркүйек 2023, 10:10

 

Қыркүйектің 10 күнінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдарына салынатын салық бойынша 20 млн теңгеге жуық сомаға берешекті өндіріп алды.

Борышкерлердің автокөліктері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталады, олар көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полиция нарядының планшетіне арнайы хабарламалар жібереді. Бұл — көлік салығы бойынша қарыздары бар жүргізушіні тез анықтауға және оған шаралар қолдануға, соның ішінде автокөлікті айыппұл тұрағына қоюға мүмкіндік береді.

Қарағанды қаласының автожолдары бойынша жүргізілген бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде бірнеше жыл бойы берешегі бар 67 көлік құралы тоқтатылды, оның ішінде 27 көлік құралы жеке сот орындаушыларымен айыппұл тұрақтарына әкетілді.

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық берешегін өндіріп алу мақсатында бірлескен іс-шараларды өткізу туралы БАҚ-та бұрын хабарланған, алайда борышкерлер қарыздарын өтеуге асықпайды.

Ағымдағы күнге Қарағанды облысының тұрғындарының көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі 17 416 тұлға бойынша шамамен 915 млн теңгені құрады.

Департамент азаматтарды шетелге демалысқа шығу кезінде, сондай-ақ қала мен облыс жолдарында жүріп-тұру кезінде әуежайлардағы жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін көлік салығын уақтылы төлеуге шақырады.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді