Көлік иесіне құлаққағыс: доңғалағыңды ауыстыр!

13 қараша 2023, 16:49

Бүгін өткен брифингте Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек қысқы дөңгелекке ауысу қажеттігін ескертті.

Техникалық регламентке сай, қыста жүргізуші жазғы дөңгелекпен ұсталса, полиция айыппұл салуға құқылы.

Мұндай бұзушылық үшін ең төменгі айыппұл мөлшері — 5 АЕК (биыл – 17 250 теңге). Егер бір жыл ішінде жүргізуші тағы да осындай құқық бұзушылықты жасаса, айыппұл 10 АЕК-ке (34 500 теңге) дейін өседі.

«1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында барлық көліктеріміз қысқы дөңгелектерге көшуі керек. Бұл — қауіпсіздік талабы, өйткені үлкен мегаполисте жауын-шашын кезінде хаос басталады. Оның басты себебі – жүргізушілердің қысқа дайын болмауы», – деді Салтанат Әзірбек.

Сондықтан ол жүргізушілерді көліктерін қыс мезгіліне алдын ала дайындауға шақырды. Полиция бұл бағытта 1 қарашадан бастап профилактикалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу