Көлігін сүйреуге өзгенің көлігін ұрлапты

31 қазан 2023, 16:09


Ақтөбеде өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды. Polisia.kz хабарлағандай, 29 қазаннан 30 қазанға қараған түні белгісіз адам Ақтөбе қаласының Өрлеу тұрғын алабындағы үйдің ауласының алдынан 56 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі Ваз-2110 автокөлігін жасырын айдап кеткен. Көлік иесі кешке есігі кілтпен жабылған көлігін үйінің жанына қойып, таңертең орнынан таппай, полицияға хабарласқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері сол күні Ақтөбе қаласы К.Нокин даңғылындағы бау-бақша ұжымының жанынан ұрланған автокөлікті тапты. Осы факті бойынша күдікті ретінде бау-бақша ұжымының 26 жастағы тұрғыны анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін мойындап, автокөлікті терезесін сындыру арқылы ұрлағанын жеткізді. Жігіттің айтуынша, өз көлігі істен шыққан соң, оны үйіне сүйреп жеткізу мақсатында ол өзгенің автокөлігін айдап әкеткен. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған автокөлік тәркіленді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу