jasqazaq.kz

Көлігімен адамдарды қаққан жігіттер, ағайынды болып шықты

28 тамыз 2019, 12:26

Алматыдағы үш адамды ағайынды екі жігіт қаққан.Олар мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барған.

Күдіктілердің анасы Нәзира Әлікееваның айтуынша, ұлдары Жандос пен Дінмұхамед кафеге туысқандарының туған күніне барған. «Мен өз ұлдарымды білемін ғой. Олар ақ көңіл, адамгершілігі мол балалар. Әрине, жас болған соң қызу қанды, бірақ ерсіз қылық, оғаш мінез көрсеткен емес. Сол түні олар туған күнге барған. Балаларыма 13 еркек өздері келіп тиіскен. Ерегестің себебі, қыздар болу керек. Ол туралы енді анық айта алмаймын. Десекте, олар өздерін қорғағысы келген. Менің балаларым олардан жоқ дегенде 10-15 жас кіші. Ұрып соғуды солар бастаған. Егер қатты зардап шексе, жәбірленуші болса, онда неге олар полицияға әлі арыз түсірмеген. Мен ақиқатын анықтауға бар күшімді саламын»,- дейді күдіктілердің анасы Назира Әлікеева. Бұл оқиға болған күдіктілердің анасы басқа қалада жүрген. «Мен үйде болмадым. Кеше түнде келдім. Қазір полицияға барам. Қорғаушы жалдаймын»,- дейді күдіктілердің анасы. Назира Әлікееваның айтуынша, ол екінші ұлының қайда жүргенін білмейді. Күдіктілердің бірі 26 тамыз күні кешке ұсталған болатын. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған А. есімді азамат. Ол, ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам қылмыс жасау кезінде ақ түсті Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған.

ҚазАқпарат

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады