Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап, жергілікті атқарушы органдарының 195 әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады, олардың төрағалары әкімдердің орынбасарлары болып табылады. Азаматтарды әскери қызметке шақыру жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін кешенді іс-шара.
Осы көктемгі әскерге шақыру аясында қандай өзгерістер бар, сол туралы Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы подполковник Медет Турыскелдиев айтып береді.
Отанды қорғау қай заманда да қасиетті парыз болса, ал әскери қызмет өткеру – әрбір ер жігіт үшін мақтан тұтарлық міндет. Мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару мен әскери техниканы меңгеру дағдысына ие болуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, жас жігіттің дене шынықтыру және рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.
Біздің қоғам, әскери қызмет өткеру адамның өзіне ғана емес, қоғам үшін, ел үшін маңызды екенін түсініп келеді. Оның үсіне әскери қызмет әрбір ер-азаматтың заңмен белгіленген міндеті, ал оны өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейді.
2023 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы он сегіз мыңнан астам ер азамат толықтырады.
Соның ішінде:
Қарулы Күштерге – 7 700өден астам;
Ұлттық ұланға – 6 800 көлемінде;
ҰҚК Шекара қызметіне – 3 400 адам;
Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300 шамасында;
Мемлекеттік күзет қызметіне – 90-ға жуық адам.
Мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілетін болады.
Әскерге шақырылуға тиісті ер азамттарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін болады. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама жолдау арқылы да хабардар ету жүргізілуде.
Азаматтарды мерзімді қызметке әскерге шақыруды жүргізу кезінде жұмысты барынша ашық форматта жүргізуді жалғастырамыз. Яғни, әрбір адам қажетті ақпаратты алу үшін жүгіне алады және сұрақтарына толық жауап беріледі.
Ол үшін әрбір Қорғаныс істері департаментінде
«Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істейді, әлеуметтік желіде электрондық пошталар мен ресми аккаунттар ашылған.
Өткен жылғы күзде әскерге шақыруға берілген 800 адамдық тапсырманы 1040 адамнан асыра орындадық. Республика бойынша әскерге жөнелту жұмыстарының қорытындысы бойынша алдыңғы қатарлы үштіктен табылдық.
Биылғы жаңалықтардың бірегейі, мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру аясында Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткерудің тартымдылығын арттыру бойынша бірқатар шараларды іске асырды. Олар:
— мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік каникулдар беру жөніндегі жұмыстар аяқталды. Бүгінгі таңда 3,4 мың әскери қызметшіге 4,9 мың қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды;
Анықтама:
Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен бірлесіп, мерзімді әскери қызмет өткерудің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында 2022 жылғы 5 желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырылған, банк қызметі бойынша қарыз алушылар (қосалқы қарыз алушылар, кепілгерлер, кепіл берушілер) болып табылатын әскери қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы қарыздар мен микрокредиттерге.
— қызмет өткергеннен кейін 2 жыл ішінде жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, конкурссыз түсу мүмкіндігі (ақылы негізде);
— еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орындарымен мерзімді әскери қызмет өткерген 3000 орынды білім беру секторында үздіктердің үздіктері үшін беруді көздейтін келісімдерге қол қойылды;
— әскери кафедраларға конкурстан тыс түсу мүмкіндігі;
— оқу орталықтары арқылы мерзімді әскери қызметшілерді мемлекеттік үлгідегі тиісті куәліктер бере отырып, экономиканың нақты секторы үшін қажетті ұқсас азаматтық әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау жүзеге асырылады.
Пилоттық режимде іске қосылатын маңызды аспектілердің бірі-азаматтың нақты қатысуынсыз автоматты форматта мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру болып отыр.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Астанамызда он әскерге шақырылушыны хабарландыру үшін қызметтік автокөлікпен екі үш қызметкер он-он екі литр жанармай жұмсап, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша іздеуші еді. Соның өзінде он әскерге шақыру жасындағы азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша 2-3 адамы ғана табылатын. Оның өзінде сол 2-3 адамның 1-2-і студент болып шығып жататын, немесе әскеге шақыруды кейінге қалдыру құқығына ие болатын. Енді шақыруды кейінге қалдыруға болатын баптардың бесеуі автоматты түрде шешіледі.
Осындай жаңашылдық мемлекеттік органдармен және Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібінің «SmartDataUkimet» ақпараттық-талдау жүйесімен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырудың арқасында мүмкін болды.
Қазіргі уақытта мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 35 және 36-баптарына сәйкес Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Әскерге шақыру жасындағы азаматтар әртүрлі мемлекеттік органдардан қажетті анықтамалар жинау арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға құқылы екенін дәлелдеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш жасаған кезде оларды Электрондық үкімет порталының платформасына тіркеуге мәжбүр болады.
МО АЖ ДБ-дан алынатын деректер негізінде SDU сегменттеуді жүргізеді және:
1) оқу кезеңіне – білім беру ұйымдарында жалпы орта білім алып жүрген азаматтарды;
2) тиісті білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру оқу ұйымдарында күндізгі білім білім алып жүрген азаматтарды;
3) оқу кезеңіне – жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім алып жүрген азаматтарды;
4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарды;
5) жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді автоматты түрде алып тастай отырып, потенциалды әскерге шақырылушылардың тізімін жасайды.
Осы арқылы біз азаматтарға шақыру қағазын тарату мен іздеуге кететін қызмет уақыты мен жанар-жағар майды үнемдей аламыз. Ал бұл еліміз бойынша қанша шығынның алдын алады.
Осы сәтте жүргізілген «SmartDataUkimet» ақпараттық-талдау жүйесінің жұмыс нәтижесі бойынша жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әскери шақыруды кейінге қалдыру құқығы бар 500 мыңнан астам әскерге шақырылушы анықталды. Оларға бүгінгі күннен бастап әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылғаны туралы SMS-хабарлама жететін болады.
Іске асырылып жатқан жобаның Пилоттық екенін ескере отырып, ондай хабарламалардың жетпей қалуы фактілеріне болуы мүмкін.Ондай жағдайда, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға негізі бар азамат әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде Электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады.
Бұдан басқа, жақын арада мынадай процестер іске қосылатын болады:
1) міндетті әскери есепке қоюды және одан шығаруды жою (тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскери міндетті мен әскерге шақырылушыны әскери есепке қою және одан шығару ЖӘБО-ға бармай, тұрғылықты жері бойынша тіркей отырып, автоматты түрде іске асырылатын болады);
2) әскерге шақырылушыларға тіркеу туралы куәліктер және әскери қызмет өткермеген адамдарға әскери билеттер беруді жою. Осыған байланысты әскери қызмет өткерудің тартымдылығын арттыру аясында әскери билет тек әскери қызмет өткерген азаматтарға ғана берілетін болады.