jasqazaq.kz

Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?

07 сәуiр, 14:29

Жыл сайын көктем мен күз мезгілінде психикалық аурулар асқынып, көптеген адамдардың жүйкесіне салмақ түсетіні жасырын емес. Оның себебін психолог Балабек Сақтағанов былай түсіндіреді:

“Күзде және көктемде маусымдық ауысулар, ауа райының өзгеруі кейбір адамдарға қатты әсер етеді. Сол уақытта серотонин гормоны аз бөлінеді, бұл адамдарды депрессияға алып келуі мүмкін. Осылайша сыртқы әрекеттерге күш көрсету, зорлық-зомбылық, өзіне ұнамайтын дүниеге тез бейім болады.”
Мамандардың айтуынша, мұндай кезде адам күйзеліске түсіп қана қоймай, өзіне және айналасына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл үрдіс еліміздегі психикалық денсаулық жүйесіндегі жалпы жағдаймен де байланысты. Қазіргі таңда Қазақстанда психикалық денсаулық орталықтарында 200 мыңнан аса адам есепте тұр. Оның 38 пайызы – ақыл-ой кемістігімен, 29 пайызы – психикалық бұзылыстармен, ал 22 пайызы – шизофрения диагнозымен тіркелген.

Алайда бұған қарамастан, бұл адамдарға көмек көрсететін мамандар саны тым аз. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Айна Мусралимова ресми түрде көтерді:

«Қазір республика бойынша 202 штат қана жұмыс істеп тұр, бұл – 163 нақты маман деген сөз. Бірақ кадр тапшылығы өте үлкен, 368 маман жетіспейді. Оның ішінде 83 психиатр дәрігер, 69 бала психиатры, 81 психотерапевт, 60 психолог және 75 әлеуметтік қызметкер жетіспейді. Бұл сандар төмендетіліп көрсетілген деп ойлаймын!» – деді депутат.
Мамандар тапшылығы жағдайында, қоғамға қауіпті жағдайлар туындағанда әрекет ету жолдары заңмен реттелген. Бұл жөнінде психикалық диспансер орталығының маманы Алмагүл Айтжанова түсіндіреді:

“Науқаста ауытқулар басталып, қоршаған ортаға агрессия таныта бастаса, “Денсаулық сақтау” туралы Заңның аясында бақылауға алып, он күн ішінде диагноз қойып, бір ай арнайы орталықта емделеді.”
Бүгінде ресми медицина бұл мәселені заң және медициналық жолмен шешуге тырысып жатса, қазақ халқында ежелден бұл дертке өз атауын беріп, «желік» деп атаған. Ұлттың ұғымында бұл — көктем мен күздегі табиғи өзгерістерге ағзаның, сана мен жүйкенің төтеп бере алмауы. Күннің ұзаруы немесе қысқаруына бейімделе алмай, мінез-құлқы өзгеретін адамдар бұрын да кездескен.

Халық емшілігінде мұндай жандарды бөліп жармай, жалбыз, жусан сынды шөптермен емдеп, табиғи жолмен тыныштандыруға тырысқан. Ем қонған соң, олар айналасына қауіп төндірмей, өмірін қалыпты жалғастыра беретін болған. Бұл – халықтық тәжірибенің, табиғатпен үндестіктің көрінісі.

Олжас Әбдіхалық

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті