jasqazaq.kz

Көксай: ескі үйлердегі отбасылар қоныс аударды

29 қантар, 19:08

Шымкент қаласында Көксәйек ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында қалалық ортаны жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру.

Айта кетейік, бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын.

Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды. Кілт табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Сондай-ақ, ескі үйлерден азаматтарды көшіру қаланы дамытудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол ауданды жаңғыртуды жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталып, бұл іс-шаралар барлық тұрғынға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

Айта кету керек, Көксай ауданын жаңғырту – мегаполис инфрақұрылымын дамытуға, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет