jasqazaq.kz

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

28 тамыз 2024, 14:31

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпардан ұлттық құрама мүшелері сақадай сай. Біз Астанаға ертерек келіп, жылқылардың алаңға жылдам бейімделуіне жағдай жасап жатырмыз. Бүгін алаңмен таныстық. Сапасы өте жақсы. Әрине, дүбірлі дода өз жерімізде өтетін болғандықтан үлкен жауапкершілікті сезініп жатырмыз. Қолымыздан келгенін жасаймыз. Ең бастысы – көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетіп, алтынға қол жеткізу», – деп атап өтті көкпардан ұлттық құрама капитаны Құрманбек Тұрғанбек.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында дайындығымызды пысықтау үшін Астанаға келдік. Ойын алаңы көңілімізден шықты, жылқыларға да өте ыңғайлы. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біз соңғы рет көкбөріні 2016 жылы ойнадық. Осыған дейінгі тәжірибемізді ескерсек, көкбөрі спортынан біздің жігіттер алтыннан үмітті», – дейді көкпардан ұлттық құрама мүшесі Ұлан Байтөреев.

Көкпар және көкбөрі спортынан сайыс қыркүйектің 9-ы мен 12-сі аралығында елордадағы «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді. Әр спорт түрінен 12 қатысушы болады.

Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?