jasqazaq.kz

Көк-Төбеде   «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

01 қыркүйек, 19:38

31 тамыз күні Алматыдағы Көк-төбе алаңында Жаңа адамдар қозғалысы «Жаңа ритмге қосыл!» атты дауылпаздар фестивалін өткізді. Көк-төбе алаңында дауылпаз, дарбук, драм-пад және түрлі перкуссия аспаптарында ойнайтын музыканттар жиналды. Алматының тұрғындары мен қонақтары көрсетілімді тамашалап қана қоймай, фестиваль толқынына қосылып, белсенділермен бірге жаңа ырғақты бастау арқылы өзгерістердің әрқайсымыздан басталатынын көрсете алды.

Фестивальдің басты оқиғасы —фирмалық Qazaqstan футболкаларының таныстырылымы болды. Бұл мерч — жаңа дүниетаным бейнесінің көрнекі манифесті, «Мен» және «Қазақстан» арасында шекара болмайтынын көрсетеді. Оны киген адам былай дейді: «Елімде болып жатқанның бәрі маған қатысты. Мен өмірімді біреу өзгертеді деп күтпеймін – өз болашағым үшін өзім жауаптымын. Менің таңдауым, сөзім және әрекетім — мәдениетті қалыптастырып, елдің болашағын айқын етеді. Мен – Қазақстанмын. Мен шынайылықты өзім құрамын, оған бейімделмеймін».

Фестивальдің шарықтау шегі белсенді қатысқан ауқымды дауылпаз шоуы болды. Дауылпаздар ритмі, брейк-дансерлердің өнері және көрермендердің қолдауы бәрін бір ырғақта ұштастырды. Дәл осы көрсетілімдер «Жаңа ритмге қосыл!» жаңа азаматтық науқанының бастауына айналды. Белсенділер музыка арқылы жаңа мәдениеттің — жасампаздық, жауапкершілік пен алға жылжу мәдениетінің ояну символын дәріптеуде.

Усенова Аружан, Жаңа адамдар: «Бүгінгі оқиға өзгерістер мәдениеті өзінен бастауға дайын адамдардың арасында дүниеге келетінін көрсетті. «Жаңа ритмге қосыл» — бостандық, адалдық және өз ісіңе деген құрмет туралы. Егер біз өзгерістерді көргіміз келсе, өзіміз сол өзгерістердің бастамашысына айналуымыз қажет. Біздің Qazaqstan футболкаларымыз менің және Қазақстанның арасында ешқандай шекара жоқ екенін және елде болып жатқанның бәрі маған қатысты екенін айқын көрсетеді. Өйткені Мен – Қазақстанмын».

 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік