Климаттың өзгеруі Орталық Азияға қатер төндіреді

15 қыркүйек 2023, 14:03


Күллі әлемде климаттың өзгеруі мен су тапшылығы Орталық Азияға қауіп төндіреді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Душанбеде Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында жан-жақты баяндады.
Aqorda хабарлағандай, Мемлекет басшысы су тапшылығының басталуы және егістікте су жетіспеуі Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті мәселеге орай «Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сәйкес біздің аймақтағы температура жер шарындағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда, әлдеқайда тез көтеріліп келеді» деді.
Бұл өз кезегінде Арал теңізінің негізгі су көзі болып табылатын мұздықтардың кішіреюіне әкеп соғады. Соңғы жарты ғасырда олардың ауқымы 30 пайызға азайған.
Президент климат өзгерісінің экономикаға теріс әсер ететініне тоқталды. Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай Орталық Азиядағы қуаңшылық өңірдегі жалпы ішкі өнімнің 1,3 пайыз мөлшерінде зиян келтіруі мүмкін. Соның салдарынан 5 миллионға жуық «ішкі мигранттың» пайда болуына әкеп соғады.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді