jasqazaq.kz

КҚК маңында танкерге дронмен шабуыл жасалды

13 қантар, 19:15

Бүгін Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) қарасты терминал маңында Қазақстан мұнайын тиеген танкерге дронмен шабуыл жасалды. “Қара алтын” тиелген “MATILDA” кемесін ҚазМұнайГаз-дың( ҚМГ) еншілес компаниясы “Қазтеңізкөлікфлот” ЖШС жалдаған.
ҚМГ хабарлағандай, дрон шабуылынан кейін жарылыс болғанымен өрт тұтанбапты. Экипаж мүшелері де аман-есен. Сондай-ақ, алғашқы тексеруден кейін танкердің жүзуге қабілетті екендігі және әлдеқандай зардап шекпегені анықталыпты.
Ал КҚК терминалында Қазақстан мұнайын тиеу алдағы 18 қаңтарға белгіленген.
Айта кету керек, бұл Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы жүзеге асырылатын мұнай тасымалына жасалған алғашқы шабуыл емес. Өткен жылдың 29 желтоқсанында пилотсыз жүзу құралдары Новороссийск порты аумағындағы КҚК инфрақұрылымына шабуыл жасап, мұнай тиейтін қондырғыны істен шығарған болатын.

Jas Qazaq

Сурет: cpc.ru

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге