Кітапқұмар мен ойынқұмар

02 наурыз 2021, 12:50

Жасөспірімдер бос уақытын қалай өткізетіні бізге беймәлім. Оларды телефонға әуес, сыртқы әлемге қызығушылығы жоқ, ертеңгі күнін ойламайтын адам ретінде көреміз. Дегенмен, бес саусақ бірдей емес. Олардың кейбірі қарын тойдырып, мектепке баруды ғана ойламайды. Мектептен тыс өздерінің ойын дамыту үшін, әртүрлі білім көзін іздейтін көрінеді. Бүгін де жасөспірімдердің өмірге деген құлшынысы жаман емес. «Көрсем, білсем, үйренсем» деп тұратындар да бар. Олар білімділер мен ақылдылардың заманы екенін жақсы түсінеді.

Індет басталғалы онлайн курстарға барып, шет тілін үйреніп, әтүрлі тағам пісіруді, қолөнер бұйымдарын жасауды үйрететін курстарға қатысып, ақша тауып жүрген қара домалақтар аз емес. Сырттарынан тон пішпей, үлкендердің бұрыс көзқарасын сейілту үшін біз жасөспірімдердің тілінде сөйлесіп, олардың өміріне шолу жасадық.

Кітап оқитын бала бар ма?

Біз Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барып, шағын репортаж жасадық. Кітапханаға кіреберісте қызметкерлер жылы қарсы алып, бізге оқырман билетін 5 минут ішінде дайындап берді. Ішкі интерьер-дизайн адамның көзінің жауын алады. Атмосферасы да ерекше. Қуанышымызға орай, кітапхана іші ағыл-тегіл толған балалар. Олардың қандай кітап оқитынын білу үшін, жандарына келіп, біз де кітап оқып отырдық. Байқағанымыздай, бәрі кітап оқуға келмеген. Бірі топ болып отырып, достарымен әңгімелессе, бірі телефон шұқып, Инстаграм парақшасын ақтарып отырды. Бір оқушыға сұрақ қойдық:

– Қандай кітап оқып отырсың?

– Кітап оқып отырған жоқпын. Жәй, досымды күтіп отырмын. Сабаққа бірге дайындаламыз деп едік.

– Қазір оқушылар қандай кітап оқиды? Өзің қандай кітап оқуға кеңес бересің?

– Енді әркім әртүрлі кітап оқиды ғой, бірақ маған соңғы іздеп, қызығып оқығаным Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» деген кітабы қатты ұнады. Сізде оқып көріңіз. Бизнес ашуға көмектеседі, жалпы, мотивация беретін күшті кітап.

– Кітапханаға көп келесің бе?

– Жоқ, көп емес, айына 2-3 рет келуге тырысамын. Бақылауға, тестке дайындалу керек болса, осында келемін. Просто үйде ойым бөлініп, еріншектігім ұстап қалады.

– Бұл жерге өз еркіңмен келесің бе, әлде ата-анаң немесе мұғалімдер қинап жібереді ме?

– Осы кітапханаға ең алғаш апайыммен келгенмін. Сосын кітапханаға барыңдар деп кей кезде ұрысатын. Ал қазір кинотеатр, қыдыратын жерлер жабық болған соң, осында келетін болдық. Күнде кафеге баратын ақшамыз жоқ. Бір шетінен кітап оқыған өзіме де ұнап қалды. Екі мың, үш мыңға бір тал кітап алғанша, осында келіп, тегін оқығаным артық.

Күніне қанша оқушы келеді?

Кітапхана қызметкері Нұрлыхан Мырзаханнан сұрадық. Ол «Кітапханаға оқушылар көп келеді. Жалпы, жасөспірімдер кітапханасына 14 жастан жоғары оқырмандарды қабылдаймыз. Студенттер де бар. 9-11-сынып оқушылар келіп, түнгі 22:00-де үйлеріне қайтатыны да бар. Себебі осы сыныптар тестке дайындалады. Ең көп оқылатын кітаптар – Дулат Исабеков, Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы». Карантин уақытында жұмыс істемегендіктен, онлайн түрде оқушылармен кері байланыс жасап отырдық. Қазір күніне 100-200 оқырман келіп отырады. Алайд, бұл жерге нақты кітап оқу үшін келмейтіндер де бар. Қандай кітап оқитындарын біз үнемі қадағалай алмаймыз. Кейбіреуі миын сергіту үшін де кітап оқиды. Олар өздерінің ҰБТ-ға үйден дайындалатындығын айтады. Әр оқушы бізге тіркелген кезде кітапханаға қалай келгенін, кім жібергенін сұраймыз. Көбі дизайнға қызығып, әлеуметтік желіден көріп келдік дейді. Әрдайым оқырмандарымызға қолдау көрсетіп, кітапханаға жиі келуін сұраймыз».

Балаң қайда жүр?

Оқушының бәрі кітапхана жағаламасы анық. Сондықтан, кітап оқымайтын басқа балаларды да сөзге тарттық. Бізге кездескен балалардың әрқайсысының өз қызығушылығы бар. Біреуі спортпен айналысады, біреуі ауылда мал бағады.

Жанболат Жанәділ:

Мен 7-сыныпта оқимын. Күреске ең алғаш әкем 1-сыныпта қатыстырды. Ол кезде салмағым 21 келі болатын, ал қазір 52 салмақта күресемін. 12 медалім бар және «спорт шеберімін». Күрес маған қатты ұнайды және одан бас тартпай жаттығуымның бірден-бір себепкері – менің тренерім. Үйірме таңғы сағат сегізде, аптасына үш рет болады. Қаланың сыртында тұрғандықтан, үйірме үшін таңғы сағат алтыда тұрамын. Салауатты өмір салтын қатаң ұстанамын. Әкем де жаттықтырушы болғандықтан, менің тамақтануыма қатты көңіл бөледі. Қазір карантин болғандықтан, жарыстар алдыңғы жылғыдай көп емес. Соған қарамастан, ай сайын жарысқа барып тұруға тырысамын. Болашақта күрестен әлем чемпионы болатыныма сенемін!

Мейірман Балғабай:

Мен 9-сынып оқимын. Жасым 14-те. Ауылда тұрамын. Таңертең мамама сиыр саууға көмектесемін. Кейін малға жем-шөбін беріп, әрқайсысына 1,5 шелектен су тасып беремін. Біздің бір жылқымыз, төрт сиырымыз, бір есегіміз бар. Сабақтан келген соң, сол жұмыстарымды қайталап шығамын. Кітапханаға барып, курстарға қатыспаймын. Себебі менің оған уақытым жоқ. Қолым босай қалса, көшеге шығып достарыммен футбол ойнаймын. Футбол үйірмесіне қатысқым келеді. Болашақта Қазақстанның атын әлемге танытатын чемпион болатын шығармын!

Шәкәрім Аманбол:

Жасым 18-де. Бос уақытымда компьютер клубқа барамын. Әр апта сайын 3 рет компьютер ойнаймын. Менің үйдегі міндетім — сегіз сиырымды қарау. Соларды күтіп, жем-шөбін беру менің мойнымда. Арасында бос уақыт шықса, телефон қарап немесе футбол ойнап кетемін. Өз үйімде де компьютер бар, онымен де ойнаймын. Бірақ достарыңмен бірге ойнаған қызығырақ. Бізге желі арқылы қосылып, бір-біріміздің дауысымызды естіп ойнаған ұнайды. Компьютер клубқа, шамамен 30-40 бала келеді. 1 сағаты 500 теңге тұрады. Ішінен тамақ алып, күні бойы осында жүруге де болады. Әрі көбісіне Play station қызық. Бір жағынан, қыздармен де осы жерде танысамыз.

Тоғжан Әбдеш,
Бақытжан Аманболқызы,

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?