jasqazaq.kz

Кітап оқуға үндейтін игі бастама: Шымкент «Кітап оқитын ұлт» жобасына қосылды

28 тамыз 2025, 23:28

Білім мен өркениеттің негізі – оқуға деген құштарлық пен кітапқа деген құрмет. Бұл – уақыт сынынан өткен, өркениет тарихымен дәлелденген қағида. Осы тұрғыда елімізде қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» атты жаңа республикалық жоба – ұлттың рухани дамуына бағытталған тың бастама.

Аталған жобаның алғашқы болып қатысатын өңірлердің қатарында Шымкент қаласы бар. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Облыс басшысы: «Кітап – білім мен шабыттың сарқылмас қайнары. Ол көкжиегіңді кеңейтеді, тұлғаңды қалыптастырады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әрқайсыңызды осы игі бастаманы қолдап, белсенді қатысуға шақырамын», – дер жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде:

«Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу», – деп атап өткен болатын.

Сондықтан бұл жоба – ұран емес, ұлттық даму жолындағы нақты әрекет.

Жобаны Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов таныстырды. Алғашқы кезеңде Қарағанды, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы қамтылады. Бұл үш өңірде жоба пилоттық режимде іске қосылады.

Байқау аясындағы номинациялар төмендегідей:
• Кітап оқитын мектеп
• Кітап оқитын колледж
• Кітап оқитын университет
• Кітап оқитын педагог
• Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер
• Кітап оқитын әулет

Байқауға қатысушыларға қойылатын ортақ талап – кемінде 15 кітап оқып, өз санаты бойынша байқауға қатысу. Жеңімпаздар лайықты түрде марапатталып, ынталандырылады.

Жобаны «AMANAT» партиясы мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.
Бас демеуші – ALAGEUM ELECTRIC компаниясы.

Байқау ережелері мен толық ақпарат Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

JQ-Aqparat

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады