jasqazaq.kz

«Кімге үйленсең, өзің білесің»

29 желтоқсан 2016, 15:12

Сан-Францискода біраз жылдан бері тұратын, осында тұрақты жұмыстары, жап-жақсы табыстары бар үш өзбек отбасы аяқ асты елдеріне көшетін болып жатыр екен. Олардың бірімен, Бекзат есімді жас жігітпен, шамалы көзтаныстығым бар-тын. Баяғыда бір жұма намазда аз-маз тілдескеніміз есімде. Сол Бекзатпен көрші тұратын қазақ қызынан әлгі үш отбасының не себепті көшкелі жатқанын естігенде, таң-тамаша болдым.
Былай болыпты.
Жаңағы Бекзаттың бастауышта оқитын ұлы бір күні мектептен бір сұмырай мәліметпен келіпті.
— Дада, мен үлкейгенде қызға үйленсем де, ұлға үйленсем де болады екен.
Дадасы шайына шашалды ма, кесесін түсіріп алды ма, әлде одан да үлкен бір нәрсе болды
ма екен, әйтеуір шок алғаны анық.
— Оны қайдан шығардың?
— Мұғалім айтты.
Бекзат көп ойланбапты. Сол күні-ақ Тәшкенге билет қарай бастаған. Мына жайтты естіп, тағы екі отбасы дереу жолға қамданыпты.
Мына әңгімеден соң эмоционалды ассорти күйін кештім. Біресе, ана мұғалімнің зұлымдығына ашуым келді, біресе, әлгі өзбектердің қалтасының қалыңдығына емес, адамдық қалыбының сақталуына қам жеген тақуалықтарына сүйсіндім. Артынша, өз балаларымды уайымдай бастадым.
Батыстың білім берудегі жетістіктерін жиі айтып жүрміз ғой, дегенмен таяқтың екі ұшы барын көп ретте ескере бермейді екенбіз.
Ғұламалар былай деген екен: «Үш нәрсе адамның өлім алдында иманынан ажырауына себеп болуы мүмкін. 1. Иманының бар екеніне қуанбау; 2. Иманымнан ажырап қалам деп қорықпау; 3. Мұсылманға зиян тигізу.»
Осында түбегейлі қалуды мақсат тұтқан қазақ отбасыларын білемін. «Өзіміз үшін емес, балалардың болашағы үшін ғой бәрі де» деп ақталып жатады. Дұрыс қой, әркімнің өз жолы, өз таңдауы бар. Десе де, балаларының иманы үшін жылы орындарын суытып бара жатқан әлгі үш жігіттің әрекеті үлгі аларлықтай көрінді маған. Баланың болашағын шын ойлаған адам солардай-ақ болса керек. Иманым — жиғаным деп, долларды пәлен есе төмен сумға айырбастап бара жатқан ол бауырлардың алдынан пәлен есе артық игіліктер күтіп тұрғанына өз басым күмән келтірмеймін.

 

Бұл туралы Мұрат Есжан өзінің facebook парақшасында жазды 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті