jasqazaq.kz

Әкім-қара балабақшаның ақшасын қалай ұрлайды?

12 желтоқсан 2016, 17:26

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мамандары мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, агенттіктің қорытындысына сәйкес, балабақшаларды қаржыландыру саласындағы қылмыстардың дені — бюджет қаржысын ұрлау, қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу мен жалған құжаттар жасау әрекеттері. «Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында «Балапан» мен «2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамыту» бағдарламаларын іске асыру барысында 100 млн теңгеден астам бюджет қаржысы ұрланды. Осылайша, ауылдық округтардың әкімдері — Әлиев, Ибрагимов, Қалдыбаев, Тұршаев, Ерімбетов, Бектұрсынов пен Сатыбалдиевтер мектепке дейінгі мекеме басшыларымен келісе отырып, балалардың санын қолдан көбейту арқылы ақшаны жымқырған», — делінген ресми xабарламада. Ресми ақпарат бойынша тек екі жылдың ішінде әкімдер мыңдаған баланы бірнеше балабақшада тіркеп үлгерген. Осы іспетті сыбайлас жемқорлық әрекеттері Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау мен Қостанай облыстарында анықталды. Ондай қылмыстарға, көп жағдайда, заң нормаларының өзі жағдай жасап беріп отыр. Осыған байланысты агенттік білім және ғылым министрлігіне тиісті ұсыныстарын жолдады.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді