jasqazaq.kz

Киевте Грузияның экс-президенті Саакашвили ұсталды

05 желтоқсан 2017, 14:47

Киевте құқық қорғау органдары Грузияның экс-президенті, «Движение новых сил» партиясының лидері Михаил Саакашвилиді ұстады, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Оны шатырдан ұстап алды», — деп хабарлады саясаткердің пәтерінің кіреберісінде тұрғандардың бірі. «Оның қайда екенін қазір біз білмеймін, пәтерде немесе басқа жолмен шығарып алмақшы болып жатыр ма, білмейміз… Клиент ұсталды, оның адвокат жалдауға құқы бар», — деп мәлімдеді Саакашвилидің жақтастары. БАҚ мәліметінше, саясаткерді пәтерінен алып кеткен. Бүгін таңғы уақытта Саакашвилидің үйіне тінту жүргізілген. Бұдан кейін ол сегіз қабатты үйдің шатырына шығып алып, «біреу-міреудің қолы тисе «секіріп кететінін мәлімдеген. Ал кейін Украинаның Қауіпсіздік Қызметі Саакашвилидің ұсталғанын растады. Айтуларынша, оған «қылмыстық ұйымдардың қатысушыларына болысты және олардың қылмысын жасырды» деген айып тағылған. Сонымен қатар, күдіктіден жауап алу жоспарланған. «2017 жылдың 5 желтоқсанында УҚҚ қызметкерлері Украинаның бас прокуратурасымен Украинаның Қылмыстық кодексінің 256-бабының бірінші бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық өндіріс аясында бірлесіп, Киевте Михаил Саакашвилиді тұрғылықты жері бойынша ұстады, оған қылмыс жасады деген күдік мәлімделді. Тергеушілер одан жауап алуды жоспарлап отыр», — делінген УҚҚ хабарламасында.

tengrinews.kz

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады