jasqazaq.kz

Киберполицейлер 102 млн теңгеге интернет-алаяқтық ұйымдастырғандарды ұстады

08 тамыз 2025, 11:03

Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған. Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген. Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстың екі ұйымдастырушысы анықталды.

Олар Павлодар облысының тұрғындары. Сонымен қатар қылмыстық схеманың тағы төрт ықтимал қатысушысы белгілі болды. Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді