jasqazaq.kz

КІАҒЗИ мамандары өзбек әріптестерімен эндокриндік ауруларды емдеудің жаңа әдістерін талқылады

16 қазан 2025, 17:59

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағдарламасы және Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясындп Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Қарақалпақстанның Нүкіс қаласындағы Эндокринология орталығы қызметкерлерінің кездесуі өтті.
Кездесуде Ташкент қаласындағы академик Ё.Х.Туракулов ат. Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік эндокринология медициналық орталығы мен оның Нукус қаласындағы филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Құжатқа қол қою рәсімі Қарақалпақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық институт өкілдерінің қатысуымен өтті. Келісім қант диабеті мен эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мекемелер арасындағы ғылыми және білім беру интеграциясын күшейтуге бағытталған.
Қазақстандық мамандар Эндокринология орталығының жұмысымен танысып, диабетология мен эндокринология салаларындағы өзекті мәселелер бойынша семинарлар өткізді. Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастарға көмек көрсету, инновациялық емдеу әдістерін енгізу, соның ішінде инсулиндік помпаларды пайдалану мен глюкоза деңгейін заманауи технологиялар арқылы бақылау тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісті.
Хирург Тимур Екібаев профессор, хирург Тельман Камаловпен бірлесіп операция жүргізді, олар қант диабетінің асқынуы – диабеттік аяқ синдромын емдеудің жаңа әдістері мен ампутацияның алдын алу жолдарын талқылады.
Қалқанша без ауруларын ерте диагностикалау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Интервенциялық хирург-радиолог Арман Ибраев Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де қалқанша бездің қатерсіз түзілістеріне радиожиілікті абляция әдісін енгізу нәтижелері туралы айтып берді.

JQ-Aqparat
Сурет: t.me/DenMinPR

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді