Жалағаш, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған мен Қармақшы аудандары және Қызылорда қаласының құрамалары футзал, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат пен әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бақ сынасты.
Қыздар арасындағы баскетбол бойынша нәтиже кестесі:
1 орын – Қызылорда қаласының құрамасы,
2 орын Қармақшы ауданы,
3 орын Жаңақорған ауданы.
Жігіттер арасындағы футзал бойынша Жаңақорғандықтар алтынға қол жеткізсе, Сырдариялықтар күмісті місе тұтты. Үшінші орын Жалағаштықтардың еншісінде.
Үстел теннисі:
1 орын — Нұрилла Досбол, Мұхтаркызы Тоғжан,
2 орын – Әбдірахымов Қанат пен Төлеу Айдана,
3 орын – Қаналхан Ашанбай, Шәмші Гүлназ.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері қыздар арасында ерекше ықыласқа ие екен. Мергендіктерімен көзге түскен қызылордалық сыр сұлулары мен бозбалалары бірінші орынды иеленсе, Шиелі ауданы екінші орынға қанағат етті, ал қола жүлде Қазалы құрамасының қанжығасында.
Шахмат ойыны бойынша:
1 орын – Ерболат Қаһарман, Әбдуали Самал,
2 орын – Райғаниев Ақжол, Рахманберді Меруерт,
3 орын – Жақсылык Талант, Әбжаппар Асия.
Тоғызқұмалақ ойыны бойынша:
1 орын – Әлден Бекарыс, Әбілтай Айжан,
2 орын – Марат Нұрайдын, Алайдарова Акниет,
3 орын – Қошқаров Бекзат, Нұрлыбекқызы Ақмарал.
Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталып, Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге жолдама алды.