jasqazaq.kz

Қызылордада жаңа жылу-электр орталығы салынды

22 желтоқсан 2025, 13:54

Мемлекет басшысының қолдауымен «AKSA Energy» түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауқымды жоба жайында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі баяндамасында айтылды.

«Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған жобалардың бірі. Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Электр энергиясымен өңірімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады, – деді Н. Нәлібаев.
Еске салсақ, жаңа жылу-электр орталығының жобалау құжаттары 2023 жылы әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталды.
Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның іске қосылуы 2026 жылдың тамыз айына белгіленген. Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, станция уақытынан бұрын пайдалануға берілді.
Бүгінде 176 мегаватт электр энергиясын шығаратын газ турбинасы қосылды. Келесі жылдың басында бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 МВт электр энергиясы өндірілмек.
Кейінгі жылдары тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамту бағытында 24 млрд. 200 млн. теңгеге 71 жоба жүзеге асып, тозған желілер 60,8 пайыз төмендеді.
Мемлекет басшысының Катар сапарында жасалған келісімнің нәтижесінде қуаттылығы 1100 МВт-тық бу-газ қондырғысын жобалау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 250 гектар жер телімі бөлінді. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған», «Қызылорда-Шымкент» жоғары қуатты 500 кВт электр желілері салынады. Оған қоса
1,5 мың шақырымдық «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының екінші желісі жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 3 трлн. теңге, оның 1,7 трлн. теңге болатын 846 шақырым газ құбыры облыс аумағынан өтеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге