jasqazaq.kz

Қызылордада MBA Impact Forum өтті

Бүгін, 13:59

Қазақстанның алғашқы астанасы — Қызылорда қаласында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен MBA AlmaU Impact Forum: «Көшбасшылар диалогы» өтті.
Форум кәсіпкерлерді, компания басшыларын, AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламаларының түлектерін, сондай-ақ бизнес пен көшбасшылық саласының сарапшыларын бір алаңға біріктірді.
Іс-шараның негізгі тақырыбы — Қызылорда өңірінің дамуына кәсіпкерлік пен бизнес-білімнің ықпалы болды.
Соңғы жылдары өңір бірқатар жаңа экономикалық сын-қатерлерге тап болуда. Атап айтқанда, дәстүрлі салалардың трансформациясы, еңбек нарығындағы өзгерістер және адами капиталды дамыту қажеттілігі артып келеді.
Осыған байланысты басқарушылар мен кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыратын бизнес-білімнің маңызы ерекше артып отыр.
Соңғы жылдары Қызылорда өңірінде AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламаларын 150-ден астам тыңдаушы тәмамдады. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, медицина саласының өкілдері және мемлекеттік қызметшілер бар.
Форум аясында белгілі кәсіпкер әрі жеке бренд жөніндегі сарапшы Алишер Еликбаев «Impact-көшбасшылықтағы жеке брендтің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, AlmaU MBA бағдарламасының түлектері өз тәжірибелерімен бөлісіп, бизнес пен білімнің өңірде оң өзгерістер жасауға қалай ықпал ететінін нақты кейстер арқылы көрсетті.
Форум барысында AlmaU Жоғары бизнес мектебінің Өкілдік директоры Ақмарал Тоқмурзиева арнайы презентациямен сөз сөйледі. Ол өз сөзінде:
«MBA — тек қаржылық табыс әкелетін инвестиция емес. Бұл — ойлау деңгейіне, шешім қабылдау ауқымына және өмір сапасына қайтарылатын инвестиция», — деп атап өтті.
Форум кәсіпкерлік, білім және көшбасшылық арқылы өңір экономикасын дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді