jasqazaq.kz

Қызылордада 240 мегаваттық бу-газ қондырғысының құрылысы аяқталуда

29 қазан 2025, 17:54

Жылу маусымының өту барысын бақылау шеңберінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қызылорда қаласында салынып жатқан қуаты 240 МВт бу-газ электр станциясының құрылысымен танысты. Жобаны іске асыру өңірдің электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа буынды станция құрылысы түркиялық AKSA ENERGY компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асуда.

Вице-министр газ турбиналары корпусының жұмысымен танысып, онда қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ол 220 киловольттық ашық тарату құрылғысын және басқару қалқанын қарап шықты.

Облыс әкімдігімен және инвесторлармен бірлесіп, нысанды пайдалануға беру және электр мен жылу энергиясын өндіру мәселелері талқыланды. Аумақтық департаментке жылыту маусымының өтуін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Жалпы, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту аясында Энергетика министрлігі заманауи жылу электр станциялары мен бу-газ қондырғыларын салу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл нысандарда экологиялық талаптарға сай, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтатын озық технологиялар қолданылады.

Екібастұз ГРЭС-3 және Курчатов қаласындағы жылу электр станциясы құрылысы жоспарланған. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын жаңа жылу электр орталықтарында түтін газдарын сүзудің заманауи жүйелері, ауыр металдарды ұстау жүйелері қолданылады. Бұдан бөлек, Астана мен Шымкент қалаларында бу-газ қондырғыларын салуға арналған аукцион өткізу жоспарланып отыр.
JQ-Aqparat
Сурет: энергетика министрлігі

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді